NotesWhat is notes.io?

Notes brand slogan

Notes - notes.io

АТТЕСТАЦИЯ -ТЕСТ ЛД-2023

1 Науқаста 12 ішектің жарасынан қан кетті, кенет әлсіздік, бас айналу, ентігу, минутына 120 рет, АҚҚ төмендеуі байқалды. Шұғыл көмек көлемін көрсетіңіз: - дицинон, аминокапрон қышқылы, физиологиялық ерітінді
- сальбутамол, хлорпирамин, преднизолон
- дротаверин, кеторолак, триме
- дицинон, окситоцин, физиологиялық ерітінді
- морфин, гепарин, аспирин, физиологиялық ерітінді
2 Науқасты тексеру барысында жүрек қағысы минутына 96 болса, тамыр соғысының жиілігі 86 болды. Бұл жағдайға анықтама беріңіз: - брадикардия
- тахикардия
- пульс тапшылығы
- пульс диссосациясы
- экстрасистолия
3 Сіздің ауруханаңыздың қызмет көрсету аймағында пойыздың рельстен шығуы анықталды. Көп адам зардап шекті. Қабылдау бөліміне бір уақытта бірнеше адам түсті. Бірінші кезекте кімге назар аудару қажет? - Тоқпан жілігі сынған 78 жастағы науқас
- Кеуде клеткасы жараланған, жарақаттан ауа шығып жатқан 36 жастағы науқас
- Жұлынның жоғары зақымдануымен 23 жастағы науқас
- Оң балтыры көлемжді жарақатымен, байламы бар 10 жастағы науқас
- Оң иық аймағы жараланған 23 жастағы жүкті әйел
4 Науқасқа көктамырға дәрі енгізу кезінде ентігу, АҚҚ төмендеуі, жүрек айнуы, бас айналу пайда болды. Осы жағдайдағы мейірбикенің тактикасын анықтаңыз: - Енгізуді жалғастыру, дәрігерді шақырмау
- Енгізуді жалғастыру және дәрігерді шақыру
- Енгізуді тоқтату және дәрігерді шақыру
- Көктамырдан шығу және дәрігерді шақыру
- Қан қысымын өлшеу және дәрігерді шақыру
5 Жүрек қан тамырларының ауруы, ентігу бар науқастарға жартылай отыру қалпын қабылдау мына мақсатпен тағайындалады: - Емізу кезіндегі ыңғайлылық
- Кіші қанайналым жүйесіндегі кептелуді азайту
- Ойылудың пайда болу қаупін азайту
- Киімін ауыстыру ыңғайлығы
- Асқорыту жолының жұмысын жақсарту
6 ВБИ жасанды берілу жолын көрсетіңіз: - Ауа тамшылы
- Байланыс – шаруашылық
- Артифициалды
- Ауалы шаңды
- Фекальды-оральды
7 Науқасқа несептің құрамындағы диастазаны анықтау тағайындалған. Науқасқа несепті дұрыс алу туралы кеңес беріңіз: - Несептің ортаңғы бөлігін
- Тәуліктік несепті
- 8 үлес жинау
- Жаңа бөлінген несепті жылы күйінде
- 3 сағат ішінде жинау
8 Науқаста күнделікті симптом 350 болса, қандай симптом бар: - Никтурия
- Анурия
- Полиурия
- Протеинурия
- олигурия
9 Жүректің ишемия ауруына шалдыққан науқасқа №10 диета тағайындалған. Науқасқа тамақтану бойынша кеңес беріңіз: - көмірсуларды шектеу
- ас тұзы мен жануарлар майын шектеу
- ақуыздар мен кальцийге бай өнімдерді
- өсімдік талшықтарына бай өнімдерді
- өсімдік майын шектеу
10 Туберкулин сынамасының виражы деген не: - қақырықта Кох бактерияларының табылуы
- теріс манту сынамасы
- алғаш рет болған Манту сынасы
- гиперергиялық Манту сынамсы
- күдікті Манту сынамасы
11 Ауыл халқына медициналық көмек көрсетудің бірінші кезеңін жүзеге асыратын денсаулық сақтау құрылымын анықтау: - қалалық емхана
- ОАА
- Қалалық аурухана
- ФАП
- Облыстық аурухан
12 Аналар өлімін есептеу үшін көрсеткіштер: - Өлген жүкті, босанатын, босанған (жүктілік аяқталғаннан кейін 42 тәулік), әйелдер саны, тірі туғандар саны
- Өлген жүкті, босанатын, босанған (жүктілік аяқталғаннан кейін 42 тәулік), әйелдер саны, жалпы туғандар саны
- Өлген жүкті, босанатын, босанған (жүктілік аяқталғаннан кейін 30 тәулік)
- Өлген жүкті, босанатын, босанған (жүктілік аяқталғаннан кейін 7 тәулік), барлық босанғандар саны
- Жалпы есепте тұрған жүктілердің саны, өлген жүктілердің саны
13 Гломерулонефрит кезіндегі триада симптомдарын атаңыз: - Тершеңдік, боз, бас ауруы
- Дисфагия, дене салмағының төмендеуі, ауырсыну
- Шөлдеу, полиурия, ацидоз
- Дизурия, поллакиурия, ауырсыну
- Ісіну, гипертония, гематурия
14 Науқас әрбір жөтелген сайын алқызыл көбікті қанның бөлінуі бойынша мейірбике палатаға шақырды. Қандай шұғыл жағдай дамыды: - Өкпеден қан кету
- Асқазаннан қан кету
- Өңештен қан кету
- Ауыз қуысынан қан кету
- Мұрыннан қан кету
15 Семіздікпен ауыратын 48 жастағы әйелді оң қабырға астындағы ауырсыну мазалайды. Ауырсыну оң жауырынға, қолға, мойынға берілді. Сонымен қатар жүрек айну, құсу мазалады. Қандай ауру деп ойлайсыз: - Созылмалы гепатит
- Созылмалы холецистит
- Созылмалы гастрит
- Созылмалы панкреатит
- Созылмалы колит
16 Терапия бөліміне 27 жастағы А атты пациент мынадай шағымдармен келді: жөтелмен қиын бөлінетін тұтқырлы қақырық, ентігу, әр күні бірнеше рет тұншығу ұстамасы мазалайды. Қарағанда ТАЖ 32 рет, өкпеде ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Пациентті анықталған өзгерістер қай ауруға тән: - Бронх демікпесі
- Жедел бронхит
- Созылмалы бронхит
- Пневмония
- Бронхоэктаз ауруы
17 25 жастағы пациенттің шағымдары: қақырықты жөтел екі аптадан бері мазалайды, кеуде тұсында ауырсыну, әлсіздік, түнде дене температурасы 37,5 дейін жоғарылауы, жүдеу. Объективті тексергенде: өкпенің жоғарғы бөлігінде бәсең везикулярлық дыбыс, құрғақ сырылдар, ТАЖ 24 рет минутына. Қандай ауру деп ойлайсыз: - Өкпе туберкулезі
- Бронхоэктаз ауруы
- Өкпе абссцесі
- Жедел бронхит
- Созылмалы бронхит
18 Қақырықты сапалы жинауға ең маңызды болып табылады: - Қақырықты жинау ережелерінің сақталуынқадағалау
- Қақырық жинау бөлмесінің болуы
- Арнайы контейнерлердің болуы
- Тек таңғы уақыттарда қақырықты жинау
- Тек кешкі уақыттарда қақырықты жинау
19 Буындардың таңертең қозғалмай қалуы қандай ауруларда кездеседі: - Қантты диабет
- Ревматоидтық артрит
- Акромегалия
- Деформациялық остеоартроз
- подагра
20 Фебрильді қалтырау, тамақтағы ауырсыну, петехиялар мен терінің бозаруы, қандағы лейкоцитоз, дифференциалданбаған жасушалар, лейкемиялық шұқыр келесі аурудың белгілері: - созылмалы миелолейкоз
- созылмалы лимфалейкоз
- В12 дәрумені тапшылықты анемия
- Жіті лейкоз
- Теміртапшылықты анемия
21 Жаңа туылған нәрестеге алғашқы патронаж жүргізілуде. Дәрігер анасына төспен емізу маңыздылығы жайлы, төспен тамақтандыру негіздері мен бос тамақтандыру жайлы түсіндіруде. Бір жасқа дейінгі балаларда еркін тамақтандыру деген ұғымға не жатады: - Түнгі үзіліссіз әр 3 сағат сайын
- Түнгі үзіліспен әр 3 сағат сайын
- Баланың тамақ көлемі мен уақытын анықтауы
- Белгілі уақыттарда тамақтандыру көлемін бала анықтайды
- Әр 4 сағат сайын көлемін анасы анықтайды
22 Кардиогенді шокпен асқынған жіті коронарлық синдром кезіндегі тиімді препарат болып табылады: - Нитроглицерин
- Допамин
- Гепарин
- Клопидогрель
- метопролол
23 Бала 11 айлық, балалар ауруханасына жөтелге, дене температурасының жоғарылауына, тамақтан бас тартуына, әлсіздікке шағымданып түсті. Объективті: осы жасқа сай жиілеген тыныс ұғымына келетін тыныс жиілігін көрсетіңіз: - минутына ≥70
- минутына ≥60
- минутына ≥50
- минутына ≥40
- минутына ≥28
24 Аралықтың II дәрежелі жыртылуы сипатталады: - аралық терісі мен бұлшықетінің жыртылуы
- қынап қабырғаларының жыртылуы
- тері мен артқы күмбез жыртылуы
- жамбас түбі бұлшықеттерінің жыртылуы
- тік ішек қабырғаларының жыртылуы
25 Науқас мұрын арқылы тыныс алудың қиындығына шағымданды. Қарау кезінде: бет терілері қай жерлерде гематомалармен жабылған. Мұрын қалқасының гематомасы диагнозы қойылған. Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностикалық әдіс қолданылады: - эндоназальды риноскопия
- алдыңғы риноскопия
- ортаңғы риноскопия
- артқы риноскопия
- мұрын айнасымен қарау
26 Жүкті әйел кезекті дәрігер қарауына әйелдер кеңес беру мекемесіне келді. Жүктілік мерзімі 28-29 апта. Тексеру барысында АҚҚ 160/100 мм сбб, аяғында ісігі бар, зәрдегі ақуыз 1г/л дейін. Сәлден кейін әйел басының ауырғанына, көзінің қарауытқанына, құсқысы келетіндігіне шағымданды. Жедел жәрдем көмегі шақырылды. Ол келгенше сіздің тактикаңыз: - сульфат магний ерітіндісін 25%-20 мл тамырға 10-15 минут ішінде енгізу
- глюконат кальций ерітіндісін10%-10 мл тамырға баяу енгізу
- диазепам ерітіндісін тамырға 10 мг баяу енгізу
- эуфиллин ерітіндісін 2,4%-10 мл тамырға баяу енгізу
- сульфат магний ерітіндісін 25%-8 мл тамырға 10 минут ішінде енгізу

27 Үйдің төбесін бояу кезінде жұмыскер жерге құлап түсті. Оң жақ санын тіліп алды. Жарадан алқызыл қан бөлінуде. Қан кету түрін және уақытша қан тоқтату әдісін көрсетіңіз: - артериялық, жгут салу
- капиллярлы, қысып байлау
- венозды, тығыз байлау
- аралас, суық басу
- паренхиматозды, жедел жәрдем келгенше ештеңе жасамау
28 Жартылай бақыланатын бронх демікпенің клиникалық белгілері болып табылады: - қажетті физикалық белсенділік
- түнде тұншығудан ояну
- дем шығару шыңының қалыпты көрсеткіштері
- шұғыл көмек дәрілеріне қажеттіліктердің болмауы
- демікпенің күндізгі белгілерінің болмауы
29 70 жастағы науқасты қарау барысында сіз іштің кебуін, жиырылудың күшейген дыбысын және «шалпыл шуылын» байқадыңыз.клиникалық бейне қандай ауруға тән: - орны толтырылған ойық жаралы стеноз
- бауыр шаншуы
- жіті ішек түйілуі
- ішек инфарктісі
- перитонит
30 Ұсынылған жағдайлардың қайсысы «әдеттегіс түсік» деп ойлауға болады: - жиі жасалатын медициналық түсік тастауда
- әйелдер желісіндегі келесі ұрпақтың тарихындағы түсік болған кезде
- жақын арадағы медициналық түсік тастауда
- анамнезде екі немесе одан көп түсік кезінде
- анамнезде бір түсік кезінде
31 Нитраттарға төзімділіктің даму қаупін азайту үшін: - тәулік бойы қандағы препараттар концентрациясының біркелкілігін қамтамасыз ету керек
- препараттар қабылдау арасында үзілістер жасау керек
- препараттардың аз мөлшерін қолдану
- препараттардың барынша мөлшерін қолдану керек
- препараттардың ингаляциялық түрлерін қолдану керек
32 Жедел жәрдем фельдшерін қатты ауырсынбалы толғақтарға шағымданатын босанушыға шақырды. Қарау барысында мазасыз, контракциялық сақина жоғары және қиғаш орналасқан, жатыр құмсағат пішіндес, сыртқы жыныс мүшелер ісінген, қандай асқынуға күмәндануға болады: - аралықтың ажырауы
- жатыр мойнының ажырауы
- жатыр жыртылуының қаупі
- жатыр жыртылуы
- шамадан тыс қатты толғақ
33 Науқас У 44 жаста, отбасылық дәрігерге белді ораушы қасиеті бар іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсынуларға, іш өтуіне, жүдеуге шағымданды. Анамнезінде 10 жыл бойы ішімдік қолданады. Объективті: дене салмағы дефициті, тері жамылғысы құрғақ, басқанда жоғалмайтын кеуде және іш терісінде ұсақ қызыл дақтар. Пальпация кезінде сол жақ қабырға астында ауырсыну, нәжісі майлы, жылтыраған, ботқа тәріздес, тәулігіне 3 ретке дейін. Болжамалы диагноз: - созылмалы гепатит
- созылмалы холецистит
- созылмалы гастрит
- созылмалы панкреатит
- созылмалы колит
34 Оқиға болған жерде аяқ үсігіне алғашқы көмек: - қармен уқалау
- термооқшаулағыш таңу салу
- үйіне жеткізу
- жүнмен ысқылау
- алкоголь беру
35 Босану хабаршысының диагностикалық белгісін көрсетіңіз: - жиі тұрақты толғақ
- қағанақ суының ағуы
- жалған толғақ
- ішінің жергілікті ауырсынуы
- эпигастрийде ауырсыну
36 Асқазанның ойық жарасы перфорацияланған кезде ауырсыну сипаты мен орны: - эпигастрийде « қанжар сұққандай» ауырсыну
- оң қабырға астында ұстама тәрізді ауырсыну
- айналмалы сипаттағы интенсивті ауырсыну
- кіндік маңындағы толғақ тәрізді ауырсыну
- оң мықын аймағындағы сыздап ауырсыну
37 25 жастағы ер адам электрожарақат алды. Қарау кезінде зардап шегуші ессіз. АҚҚ 65/30 мм сбб, аритмия, тыныс жетіспеушілігі. Сіздің алғашқы іс – әрекеттеріңіз: - жүрек өкпе реанимациясын жүргізу
- ошақ орнына залалсызданған дәке салу
- медициналық ұйымдарға жеткізу
- жасанды тыныс жасау
- кеуде торына компрессия жасау
38 ДДСҰ сай 2 жасқа дейінгі балалардың тыныс алуы саналады, егер тыныс алу жиілігі: - 30 және одан көп
- 40 және одан көп
- 50 және одан көп
- 60 және одан көп
- 70 және одан көп
39 Қабылдауға 3 айлық баласымен ана келді. Мешелдің арнайы алдын – алу мақсатымен балаға аквадетрим тағайындалған. Оның күнделікті профилактикалық дозасын көрсетіңіз: - 200 ХБ
- 500 ХБ
- 800 ХБ
- 1250 ХБ
- 1500 ХБ
40 Ұрықтың жедел гипоксиясы дамитын жағдайларды көрсетіңіз: - Фетоплацентарлы жеткіліксіздік
- Жүктілер анемиясы
- Плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы
- Жүктілік кезінде темекі шегу
- Жүкті әйел жүрегінің туа пайда болған ақауы
41 Науқас С 22 жаста, 10 шілде етеккірінің болмауына, таңғы уақытта жүрек айну мен құсуға шағымданып келді. Анамнез: соңғы етеккірі 10 мамырда, жыныстық қосылу күнделікті. Объективті жағдайы қанағаттанарлық, АҚҚ 110/70 мм сбб. Айнамен қарағанда: қынаптың шырышты қабаты көгілдір. Бимануальды зерттеуде: жатыры қаз жұмыртқасындай ұлғайған, ауырсынбайды, консистенциясы жұмсақ, пальпацияда қатаяды. Жүктіліктің және босанудың болжамды мезгілін анықтаңыз: - Жүктілік 5 апта, босану мерзімі 5 ақпан
- Жүктілік 8 апта, босану мерзімі 17 ақпан
- Жүктілік 12 апта, босану мерзімі 27 ақпан
- Жүктілік 14 апта, босану мерзімі 7 ақпан
- Жүктілік 16 апта, босану мерзімі 17 ақпан
42 Келесі қашықтықта жаңа туылғандардың дыбыстарға реакциясын тексеру қажет(метрмен): - 0,25
- 2
- 5
- 3
- 3,5
43 Гинекологиядағы шұғыл жағдайларға жатады: - Жатырдан тыс жүктілік, мерзімінен бұрын босану
- Миомотозды түйіннің некрозы, аналық без кистасы
- Аналық без апоплексиясы, аппендицит
- Аналық без апоплексиясы, жатырдан тыс жүктілік
- Сальпингоофорит, эндометрит
44 Оральды контрацептивтер қолданатын 33 жастағы әйелге ұсыныстар таңдаңыз: - Етеккір аралық аздаған қан кету пайда болғанда контрацептивтерді пайдалануды тоқтату
- Жүрек айну мен құсу пайда болғанда контрацептивтерді пайдалануды тоқтату
- Кеуде клеткасында ауырсыну пайда болғанда контрацептивтерді пайдалануды тоқтату
- Дене салмағы жоғарылағанда контрацептивтерді пайдалануды тоқтату
- Тәбеті жоғарылағанда контрацептивтерді пайдалануды тоқтату
45 Көпұрықты жүктіліктің диагностикалық белгісін анықтаңыз: - Жатыр көлемі үлкен және жүктілік мерзіміне сай емес
- Жүктілердің айқын жүрек айнуы мен құсуы
- Жатыр көлемі кіші және жүктілік мерзіміне сай емес
- Жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сай
- Ерте токсикоз белгілері жоқ
46 ДДСҰ сай балалар ауруын ықпалдастыру жүргізу (БАЫЖ) нұсқаулығы бойынша көз инфекциясын емдеу жүргізіледі: - Ампициллинмен
- Гентамицинмен
- Тетрациклин жақпасымен
- Эритромицин жақпасымен
- Мырыш жақпасымен
47 Балаға 1 жас 7 ай, кенеттен туындаған жөтел, 15 минуттан кейін жоғалған ентігуге шағымданды. Жалпы қарауда дене қызуы қалыпты, бала белсенді, аускультация кезінде өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде дем шығарғанда ысқырықты сырылдар, перкуторлы қорапты дыбыс. Сіздің болжамды диагнозыңыз: - Бронх демікпесі
- Обструктивті бронхит
- Бронхтағы бөгде заты
- Бронхиолит
- көкжөтел
48 Егер бала емшекке қате салынған болса, онда сіз байқайсыз: - иегі анасының емшегіне тигенін
- нәрестенің аузының кең ашылғандығын
- астыңғы еріннің ішіне бүрілгін
- астыңғы еріннің сыртқа бүрілгенн
- ареолдың көп бөлігі үстінен көрінетінін
49 «Эндемия» термині нені білдіреді: - сырттан әкелінген жағдайлармен байланыссыз, осы аймаққа тән инфекциялық аурулармен ауыру
- осы аймаққа тән кез-келген инфекциялық аурумен ауыру
- сырттан әкелінген жағдайлармен байланысты, осы аймаққа тән инфекциялық аурулармен ауыру
- осы аймаққа тән кез-келген зоонозды аурулармен ауыру
- осы аймаққа тән емес кез-келген инфекциялық аурулармен ауыру
50 Ауруды оң үлкен жыныс ернінің аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Жыныс еріні ісінген, қатты ауырады, оның үстіндегі терісі қызарған. Диагноз: - жедел вульвит
- бартолин безінің кистасы
- жедел лимфаденит
- бартолин безінің абсцесі
- қысылған шап жарығы
51 Жергілікті анестезияның артықшылығын анықтаңыз: - орындалуының салыстырмалы қауіпсіздігі мен қарапайымдылығы
- науқаспен сөйлесу мүмкіншілігі
- науқас ұйықтап қалу және өліп кетуден қорықпайды
- науқас ауырсынуды сезбейді және ота кезінде ұйықтайды
- ми қыртысы деңгейінде ауырсыну сезімталдығының болмауы
52 Хирургиялық бөлімшеде науқасқа плазма алмастырғыш ерітінділермен қан тобына сәйкес қан құйылған. 3 сағаттан кейін арқасында ауыру, қалтырау, бас ауруы, қан қысымының төмендеуі пайда болған. Бұл жағдайдың даму себебі: - гемотрансфузиялық шок
- екінщілік пиелонефрит
- гемолитикалық анемия
- анафилактикалық шок
- геморрагиялық шок
53 Сальмонеллез анықталған науқасты соматикалық бөлімшесінен ауыстырғаннан кейін қандай шаралар орындау қажет: - дегельментизацияны
- қорытынды дезинфекция жүргізуді
- ағымды дезинфекцияны
- жалпы тазартуды
- дезинсекцияны
54
Қабылдауға емханаға 36 жастағы қасапшы болып жұмыс істейтін оң жақ білек сыздауығына шағымдары бар науқас С келді. Оң жақ білегінде тығыз негізде орналасқан айқын қабыну валигімен және везикулалардан құралған тәжбен қоршалған серозды сұйықтығы бар және ортасында қысып жабылатын диаметрі 5 мм некротикалық ойық жара анықталады. Қоршаған жұмсақ тіндердің айқын ісінуі. Көрсетілген туынды – бұл: - тілменің буллезді түрі
- жара дифтериясы
- инфицирленген жара
- сібір жарасының карбункулы
- білек флегмонасы
55 Мүйіспен қасаға симфизінің төменгі шеті арасындағы арақашықтық: - 11 см
- 13,5 см
- 20-21 см
- 12,5-13 см
- 25-26 см
56 Құрсақ қуысындағы мүшелерге араласудан кейін отадан кейінгі кезеңде жүрек қан тамыр жүйесі жағынан туындаййтын асқынулардың бірі: - Миокард инфарктісі
- Тромбоэмболиялық асқынулар
- Аритмия
- Жіті жүрек жетіспеушілігі
- Кардиогенді өкпе ісінуі
57 Науқас В 28 жаста, 2 сағат бұрын ЖТА іш жарақатын алды. Ота барысында құрсақ қуысында көкбауырдың зақымдануынан 1500 мл қан анықталды. Бұл жағдайда гемотрансфузияның келесі түрін қолдануға болады: - Реинфузия
- Тура емес қан құю
- Тура қан құю
- Аутотрансфузия
- Алмастырушы трансфузия
58 Қабылдау бөліміне 3 күн бойы су тәрізді сұйық нәжістің болуына шағымданып науқас келді. Клиникалық белгілер: АҚҚ 100/60 мм сбб, пульс 98 рет минутына, шырыш қабаттары құрғақ. Осы жағдайда қандай ерітіндіні тамыр ішіне енгізуге болады: - Коллоидты ертінді
- Изотониялық кристаллоидты ертінді
- Гипертониялық кристаллоидты ертінді
- Гипотониялық кристаллоидты ертінді
- Жаңа мұздатылған плазма
59 Қабылдау бөліміне түскен науқаста педикулездің белгілері анықталғанда мейіргердің іс – әрекеті: - Педикулезге қарсы тазалауды санитарлық өткізу бөлмеде жүргізу
- Науқасты дезинфекциялық станцияға жолдау
- Педикулезге қарсы тазалауды емдеу бөлмесінде өткізу
- Науқасты инфекциялық ауруханаға жатқызу
60 Жұқпалы ауруханаға ауыз жұтқыншағының дифтериясы, жамылғы формасы диагнозымен науқас түсті. Науқасты тексергеннен кейін қандай бөлімшеге жібереді: - Бокс
- Диагностикалық
- Сары ауру
- Тифоздық
- ішек
61 Оң жақ қабырға астында жіті ауырсыну ұстамасынан кейін туындаған сары аурудың неғұрлым ықтимал себебі: - ұйқы безі басының ісігі
- инфекциялы гепатит
- фатеров емізікшесінің стриктурасы
- холедохолитиаз
- асқазан обыры
62 Іш сүзекпен ауыратын науқаста өршу кезеңінде байқалады: - тежелу және адинамия
- сүзек статусы
- ұйқының қалыптасуы
- астеновегетативті синдром
- жалпы жағдайы өзгермейді
63 Қалалық аурухананың жұқпалы бөлімшесіне қатты бас ауру, құсу, гипертермия 39°С шағымдармен науқас түсті. Болжам диагнозы менингококкты инфекция. Менингитті диагностикалау кезінде менингиалды белгілер анықтайды, олардың бірі болып табылады: - желке бұлшықеттерінің сіресуі
- розенберг симптомы
- гепатоспленомегалия
- Падалки симптомы
- Штернберг симптомы
64 Жіті аппендицит кезінде аппендоэктомия кері көрсетілген: - Аппендикулярлы инфильтрат
- Жіті коронарлы синдром кезінде
- 36-40 апта жүктілік кезінде
- Новокаин көтере алмаушылық кезінде
- Қанның ұюы бұзылыстары кезінде
65 ҚР қазіргі заманғы акушерия стратегиясы көрсетілді: - Трансплантологиялық дамуымен
- ЭКО дамуымен
- Қауіпсіз жүктілікпен
- Диабетке шалдыққандардың мектебінің ашылуымен
- Кардио орталықтардың ашылуымен
66 Егер соңғы етеккірдің бірінші күні 10 қаңтар болса, онда босанудың болжамалы мерзімін анықтаңыз: - 6 қыркүйек
- 17 қазан
- 11 қараша
- 21 желтоқсан
- 3 қазан
67 Науқас Н 30 жаста, іштің төменгі жағындағы ауырсынуларғажәне жыныс жолдарынан жағушы қанды бөлінділерге шағымдармен стационарға түсті. Анамнезінді соңғы етеккір 2 ай бұрын болды; 2 рет өздігінен түсік. Қынаптық зерттеу барысында: жатыр мойны цианозды, «қарашық» симптомы теріс, сыртқы саңылау саусақ ұшын өткізеді, жатыр жұмсақ консистенциалы, 8 апталық жүктілікке дейін үлкейген, қосалқылар анықталмайды, күмбездер терең. Сіздің болжамды диагнозыңыз. - Аналық бездер дисфункциясы
- Қатерлі түсік
- Толық емес түсік
- Өздігінен жасалған аборт
- Жатырдан тыс жүктілік
68 Науқас 24 жаста, мейірбике, ерітіндімен қатынастан кейін пайда болған қышитын бөртпелерге шағымымен келді. Бұл препаратпен қатынасты тоқтатқаннан кейін бөртпе және қышу жойылды. Қайталанған қатынаста таралған гиперемия және ісіну, папуловезикулалы элементтер пайда болды. Болжамды диагноз қойыңыз: - Шынайы экзема
- Микробты экзема
- Аллергиялық дерматит
- Фотодерматоз
- Дәрілік токсикодермия
69 Алғашқы жүктіліктің қандай мезгілінде ұрықтың алғашқы қозғалуын сезеді: - 20 апта
- 18 апта
- 16 апта
- 32 апта
- 24 апта
70 Іш сүзегімен ауыратын науқастың потенциальды спецификалық мәселесі: - Пневмония
- Паротит
- Менингит
- Миокардтың диффузды зақымдануы
- Ішек ойық жарасының перфорациясы
71 Жедел жәрдем фельдшерін жүкті әйелге шақырды. Жүктілік 40 апта. Іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді 5-6 минут сайын 20 секундқа созылатын ауырсынуларға шағымданды. Диагноз қойыңыз және өз іс – әрекетіңізді дәлелдеңіз: - Жүктілік 40 апта. Босанудың 1 кезеңі. Стационарға жатқызу.
- Жүктілік 40 апта. Преламенарлы кезең.
- Жүктілік 40 апта. Босанудың 2 кезеңі. Стационарға жатқызу.
- Жүктілік 40 апта. Айтолғақ
- Жүктілік 40 апта. Босанудың 3 кезеңі. Стационарға жатқызу.

72 Әйелді дене температурасы 37,9°С дейін жоғарылауы, ішінің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну, шырыш пен қан аралас 15 ретке дейін нәжіс, тенезм, жалпы әлсіздік, жүрек айну, құсу мазалайды. Қарау: терісі бозарған, тілі құрғақ, пальпация кезінде сигма тәрізді үшек спазмдалған, қатты ауырсынады. Пульс минутына 98 рет, АҚҚ 11070 мм сбб. Қай ауру жайлы болжауға болады: - Жедел шигеллез
- Сальмонеллез
- іш сүзегі
- жедел эшерихиоз
- холера
73 8 жасар бала іш және қолдарының терісінде 2 апта бұрын кейде жеңіл қышумен ұласатын бөртпелер пайда болды. Объективті: қалыпты тері түсіндей ортасында кіндік тәрізді басылған жылтыр байламы бар, сипағанда тығыз көптеген бөртпелер көрсетілген. Сіздің болжамды диагнозыңыз: - тегіс теміреткі
- контагиозды молюск
- сүйел
- өткір ұшты кондиломалар
- есекжем
74 Бөртпе сүзек ауруында сырқаттанушылықтың сипаты: - эндемиялар
- шұғыл індеттер
- эпидемиялар
- пандемиялар
- кездейсоқ сырқаттанушылық
75 АИТВ инфекциясының таралуында ең жиі таралған берілу жолы: - жыныстық
- жұқтырылған анасынан баласына
- қан және оның препараттарын құю кезінде
- ортақ ине мен шприцтерді пайдалана отырып кезінде дәрілік препараттарды парентералды жолымен енгізу
- артифициалды берілу жолы
76 Жұқпалы ауруға шұғыл хабарламаны қашан толтырады: - дереу ауруға күдіктену кезінде
- қортынды диагнозды қойғаннан кейін
- науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін
- қортынды дезинфекцияны өткізгеннен кейін
- емдеуді тағайындау кейін
77 АИТВ жұқтырған ағзада орналасқан: - бұлшықет тінінде
- лимфа тіндерінде
- эпителиалдық жасушаларында
- тері мен тері асты клечаткасында
- шаш жамылғысында
78 Бозғылт трепонема қандай антибактериялық препараттарға сезімтал: - пенициллиндер
- макролидтер
- фторхинолондар
- тетрациклиндер
- стрептомициндер
79 Операция жасалған науқасты ауруханадан шығарды. 10 күннен кейін операциядан кейінгі тыртықтың орнына іріңді бөлінді бар жыланкөз пайда болған. Осы жағдайды қалай бағалауға болады: - аурухана ішілік іріңді септикалық инфекция
- ауруханадан шығарғаннан кейінгі жұқтыру
- аутоиммунды процесс
- эндогендік процесс
- операциядан кейінгі асқыну
80 Күлдіреуік (пузырчатка) патогенезінде жатыр: - аутоиммунды реакция
- некрозды қабыну
- атрофиялық үрдіс
- лимфа айналымының бұзылысы
- қан айналымының бұзылысы
81 Төменде көрсетілгендердің қайсысы шашыранды склероздың клиникалық сипаттамасы болып табылады: - деменция
- көрудің нашарлауы
- клоникалық тырысулар
- бұлшықет атрофиясы
- алопеция
82 Токсикодермияның патогенетикалық ем үшін қолданылатын дәрілік заттарды көрсетіңіз: - анаболикалық гормондар
- антибиотиктер
- кортикостероидтар
- цитостатиктер
- седативті препараттар
83 60 жастағы науқаста АҚ жоғарылауы аясында дизартрия, аяқ – қолдың дистальды бөлімдерінің әлсіздігі мен парестезиялар пайда болды. Сіздің әрекетіңіз: - нифедипин, эуфиллин, магний сульфаты
- нифедипин, фуросемид, нитроглицерин
- нитроглицерин, аспирин, гепарин, морфин
- морфин, допутамин, аспирин, гепарин, физиологиялық ерітінді
- сальбутамол, эуфиллин, будессонид
84 Психиатриялық клиникаға 25 жастағы әйел босанудан 1 аптадан кейін түсті. Бала дені сау болып туылып, босану асқынусыз өткен, әйел қозулы айқайлайды, киімдерін шешіп, жүгіруге тырысады. Іштей баланың жылаған дауысын есітеді. Сұраққа жауап бермейді. Ұзақ уақыт бір нүктеге қарап отырады. Болжам диагноз: - шизофрения
- депрессия
- босанудан кейінгі психоз
- неврастения
- деменция
85 Глазго шкаласы бойынша бағалауда 15 балл сәйкес келеді: - комаға
- сопорға
- клиникалық өлімге
- анық еске
- ступорға
86 43 жастағы ер адамда себепсіз түсіріңкі көңіл- күй, жабырқаулы сезімді сезінеді. Әлем сұр, түнеріңкі жабырқаулы қабылдайды. Моторикасы тежелген, ойлау қабілеті баяулаған, өзін – өзі кемсіту идеясы және суицидтік ойларды айтады. Бет әлпеті терең қайғыны және уайымды бейнелейді. Синдромды атаңыз: - катоникалық
- депрессивті
- апато – абулиялық
- астеникалық
- маникальды
87 18 жастағы ересек бала бас ми жарақатынан кейін есте сақтаудың нашарлауына, сөйлеудің қиындауына, сөз тауып сөйлеудің нашарлауына, қиын тапсырмаларды орындай алмайтынына шағымданады. Қандай синдром жайлы ойлауға болады: - дементивті
- онейроидты
- ақымақтық
- психоорганикалық
- астениялық
88 Эпилепсиялық статустың 1 сатысында шұғыл көмек көрсету кезеңінде енгізілетін дәрілік препаратты көрсетіңіз: - 10 мг диазепам ті
- 40% глюкоза ерітіндіс ті
- Дәрумен В1-5 мл ті
- Дексаметазон 4 мг ті
- 2,0-4,0 мл фуросемид ті
89 23 жастағы А есімді науқас екі көзінің бірдей айқын қышуына, жас ағуға, ісінуге шағымданып ауруханаға келді. Анамнезінен 1 күн бұрын науқас үй тазалығымен айналысқан. Сіздің болжамды диагнозыңыз: - Серозды иридоциклит
- Глаукоманың жедел ұстамасы
- Аллергиялық конъюктивит
- Тұқымқуалаушылық катаракта
- Бактериялық кератит
90 Халязион бұл: - Туа біткен қабақ ақауы
- Қабақтың паразиттік ауруы
- Созылмалы мейбомеит
- Жіті мейбомеит
- Қабақтың қатерлі ісігі
91 Жіті иридоциклит кезінде алғашқы көмек көрсету келесі ерітіндіні тамшылатуды қамтиды: - Пилокарпин
- Атропин
- Тимолол
- Гентамицин
- дикаин
92 Қан кету кезінде мұрын қуысының алдыңғы тампонадасы жүргізіледі: - паролонмен
- мақтамен
- дәкелі салфеткамен
- пневматикалық тампонмен
- матамен
93 Қабылдау бөліміне 8 жастағы ер бала келді. Футбол ойнау кезінде мұрнынан жарақат алған. Мұрын аймағындағы ауырсынуға және мұрыннан қан кетуге шағымданады. Сіз қандай алғашқы көмек көрсетесіз: - мұрын аймағына суық қою
- алдыңғы тампонада
- артқы тампонада
- сақпанша таңғыш салу
- мұрында жансыздандыру
94 Науқас 2 күн бұрын суық сыра ішкеннен кейін даусының қарлығуына, жөтелге, дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 37,5С, ларингоскопияда көмейдің шырышты қабығы гиперемияланған, дауыс саңылауы кең. Тыныс алуы еркін. Сіздің болжамды диагнозыңыз: - жедел фарингит
- жедел ларингит
- лакунарлық ангина
- паратонзилит
- жедел аденоидит
95 Науқас Е 50 жаста. Қант диабетінің орташа дәрежесімен сырқаттанады. Шағымы: аяқтарында сыздап ауырсынуы, әлсіздік, жиі шөлдегіштік, ентікпе. Емдік жаттығулардың әсері тиімді болу үшін жаттығулар келесі уақытқа созылу керек: - 30-40 минут
- 10-15 минут
- 20-30 минут
- 25-35 минут
- 15-20 минут
96 Балалар саны 0-4 жасқа дейін 8000, 0-4 жасқа дейінгі балалар арасында 320 қызылша жағдай тіркелген. Таралуы қоршаған ортада 40%. Бұл көрсеткіш: - Интенсивті көрсеткіш
- Қатынастар көрсеткіші
- Көру көрсеткіші
- Экстенсивті көрсеткіш
- Орта арифметикалық шама
97 ДДСҰ анықтамасы «Мақсаты ауру не жарақат салдарынан бұзылған қызметтерін толық қалпына келтіру болып табылатын белсенді үрдіс, егер ол мүмкін болмаса – мүгедектің физикалық, психикалық және әлеуметтік потенциалын тиімді орындау оның қоғамдағы адекватты интеграциясы» сай келеді: - Медициналық реабилитация
- Паллиативті көмек
- Гериартриялық көмек
- Санитарлы – шипажайлы ем
- Гериартриялық реабилитация
98 Қанның түсті көрсеткіші әдетте тең?: a)1,5
b)0,75 -0,85
c)2
+ d)0,85 -1,15
e)0,65-0,75
99 Жара инфекциясының ең тиімді алдын алуға не қол жеткізеді а) жараныантибиотиктерменҚаптау
b) асептикалық таңғышты қолдану
+ c) жараны алғашқы хирургиялық өңдеу
d) антибиотиктерді көктамыр ішіне енгізу
e) жараға протеолитикалық ферменттерді енгізу
100 Гемостатикалық жгутты қолданғаннан кейін медицина қызметкері не істеуі керек? А. науқастың деректері бар жгуттың астына жазба қойыңыз
в. бал деректері бар жазбаны жалғастырыңыз.көмек көрсеткен қызметкер
С. осы науқасқа арналған ұсыныстары бар жгуттың астына жазба қойыңыз
Д. науқастың жағдайын егжей-тегжейлі сипаттайтын жгуттың астына жазба қойыңыз
Е. жгуттың астына гемостатикалық жгутты қойылған уақыты көрсетілген жазба қойыңыз

1 Сіз жас ер адамның мотоциклдан құлағандығының куәгері болдыңыз. Сізден көмек көрсетуді сұрады. Қарау барысында сол жақ санының сыртқы беткейінде ірі көлемді соғылған жыртылған жара анықталды, құммен ластанған, қан кету белгілері жоқ. Сізде тек қана автокөліктік медициналық корапша бар. Сіздің тактиканыз? Ауырсынуды басушы дәрілік заттарды беру, жараға йод ерітіндісін құйып дәкемен орау

Ауырсынуды басушы дәрілік заттарды беру, жара шеттерін йод ертіндісімен өңдеп, дәкені салу, госпитализациялау

Науқасты тыныштандыру,аяғың байлап, станционарға госпитализациялау

Жараны асқын тотықпен жуып, таңғышпен орап, үйге жіберу

Жарадан барлық бөгде денелерді алып тастау, жараны йод ертіндісімен өңдеу, дәкемен орау
2 Қабылдау бөліміне асқазаннан қан кетуге күмәнді пациент түсті. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Пациентті тасмалдау түрін атаңыз.
мейіргермен бірге жаяу жүру

өздігеінен лифтімен

өздігінен жаяу жүру

кресло - каталкамен

каталкамен тасмалдау
3 Бұрын босанған 30 жастағы жүкіт әйел мерзімінде босанды, салмағы 3500,0гр қыз бала, тұншығусыз дүниеге келді. Босанудың 3-ші кезеңін өткізу мақсатындағы сіздің жасайтын әрекетіңіз?
гипотониялық қан кетудің алдын алу үшін 1,0мл метилэргометрин вена ішілік енгізу

бала жолдасының ажырау және бөліну белгілерін күту

босанудың 3-ші кезеңін белсенді өткізу үшін бұлшық етке 10 МЕ окситоцин енгізу

жатыр қуысын қолмен тексеру

жатырдың бимануальды компрессиясы
4 Төменде берілгендердің қайсы егде және қарт жастағы науқастарда болатын миокард инфарктінің ерекшелігіне жатады?
ауырсыну түрі

жеңіл ағымдағы

асқынуы сирек дамиды

атипті түрі

ауыр ағымды
5 Науқас 60 жаста, кардиологиялық бөлімшеге жүректің созылмалы жеткіліксіздігімен асқынған ЖИА жөнімен түсті. Аяқтарының ісінуіне, ішінің айтарлықтай үлкейгеніне, жүрек қағуына,әлдсідікке, тыныштық кезде болатын аздаған ентікпеге шағымданады. Төсектегі қалпы мәжбүрлі - ортопноэ. Тері жабындары көкшілденген. Аяқ басы мен балтыры ісінген, АҚ 140/90мм сынап бағаны. Ішінің көлемі үлкейген. Төменде берілген ем шаралардың қайсысын науқасқа үйрету қажет?
дене температурасын өлшеу

жеке гигена ережесімен

ісінуді анықтау ережесімен

су балансын анықтау ережесімен

пульсті анықтау ережесімен
6 Егде адамдарға ұсынылатын физикалық жүктемені атаңыз
жүгіру

жаттығу құрылғысында айналысу

таңертенгілік жаттығу

ауырлық көтеру

фитнес бағдарлама
7 Науқас 60 жаста, кардиологиялық бөлімшеге жүректің созылмалы жеткіліксіздігімен асқынған ЖИА жөнімен ауруханаға емделуге жатты. Аяқтарының ісінуіне, ішінің айтарлықтай үлкейгеніне, жүрек қағуына,әлдсідікке, тыныштық кезде болатын аздаған ентікпеге шағымданады. Ентікпесі көлденең жатқанда күшейе түседі, соның себебінен нашар ұйықтайды. Осы мәселе кезінде қандай біріншілікті іс - шара мейірбикелік күтіп қарау жоспарына кіреді? науқастың отбасына кеңес беру

реанимациялық іс - шара өткізу

асқынулардың алдын - алуды қамтамасыз ету

науқасқа ыңғайлы отыру қалпын жасау

науқастың денсаулығын нығайту
8 Науқас 46 жаста онкология бөлімшесіне эпигастрия аймағындағы тұрақты түрдегі сыздап ауырсынуға шағымданып түсті, ауруын басатын дәрілер жағдайын жақсартпайды, тәбеті нашарлаған, жүрегі айниды,құсады, дене температурасы субфебрильді, соңғы айда 6 кг-ғажүдеген. Тексеру кезінде жалпы жағдайы ауыр, температурасы 38,1С, тері жабындары бозарған, жер түстес реңкте. Науқастың қатты жүдеуі көңіл аудартады.Эпигастрий аймағын пальпациялау кезінде күрт ауырсыну және құрсақтың алдыңғы қабырғасы бұлшықеттерінің ширығуы байқалады. Төменде берілгендердің қайсысы мейірбикелік іс - шараның басым мақсаты болып табылады: ауырсыну қарқынының әлсіреуі

жағдайының нашарлау қатерін анықтау

клиникалық диагноз қою

науқас үшін жоғары калориялы диета құрастыру

жақын туысқандармен әңгімелесу
9 17 жасар колледж студенті К, аязды және желді ауа райында коньки тепкен.Көмекке 10 сағаттан кейін жүгінді. Екі бетінің, қолдарының, құлақ қалқандарының ауырсынып, күйдіру сезіміне шағымданады. Қарау барысында бет және қол терісі тығыз, ісінген, қызарған. Құлақ қалқандарында ашық түсті сұйықтықпен толтырылған көпіршіктер бар. Көмек көрестудің тактикасы.
Қармен немесе қолғаптармен ысу

Алкоголі бар ыстық кофе ішуге беру

Спиртпен өңдеп стерильді таңғыш салу

көпіршіктерді ашып, Вишневский жақпамайымен таңғыш салу

зақымдағна жерлерге жылытқышты қою
10 Иығындағы іріңді флегмонасын ашу кезінде, хирургқа ассистент болған мейіргер терісіне науқастын жарасынан ірің және қан түсті. Мейіргердің келесі тактикасын анықтаңыз: Теріні ағынды сумен жуып, антисептикпен өңдеу

Теріні ағынды сумен жуу

Теріні антисептиктің ертіндісімен өңдеу

Теріні дезинфекциялық ерітіндімен өңдеу

Сумен жуып таңғыш салу
11 Сифонды клизманы қою көрсеткіші:
спастикалық іш қату

улану

босану алдында

құрсақ қуысына жасалған операциядан кейін алғашқы кейін алғашқы тәулікте

жуан ішекті рентгенологиялық зерттеуде
12 Асқазанды шаю үшін дайындау қажет:
Және шприцін, 5 пробирка, 33% магний сульфат ертіндісін

асқазан сүңгісін (зонд), 8 пробирка, гистамин ертіндісін

Эсмарх құрылғысын (кружка), штативті, марганцовка ертіндісін, дәрет ыдысын (судно)

ұзындығы 50см сүңгіні (зонд), 3 пробирка, 33% магний сульфат ертіндісін

ұзындығы 120 см сүңгіні (зонд), воронканы, шылапшынды, суды
13 Тұрғындардың келесі типі прогрессивті тип деп аталады: 0-14 жас аралығындағы балалар саны 50 жастан асқандар санынан басым болса

0-8 жас аралығындағы балалар саны жасөспірімдер санынан басым

50 жастан асқандар саны балалар санынан басым болса

балалар саны мен 50жастан асқандар саны тең

ҚР тұрғындарынығ саны басқа елдертұрғындарының санынан басым
14 Ересектерге жел шығару түтігін ішекке енгізу тереңдігі
5-10см

20-30см

40-50см

50-60см

65-75см
15 Іріңді хирургия бөлімшесінде санның абсцессі бар науқастың таңғышын ауыстыру барысында, мейіргердің қолғаптары жыртылып қалды. Мейіргердің келесі тактикасын анықтаңыз: Жұмысты әрі қарай қолғапсыз жалғсатыру

Емшараны тоқтатып, қолғапты ауыстыру

Қолғаптарды антисептикпен өңдеп, емшараны әрі қарай далғастыру

Үстіне жаңа қолғапты қию

Ағынды сумен жуып, емшараны әрі қарай жалғастыру
16 Ауруханаішілік инфекцияның жасанды берілу жолын көрсетіңіз:
Ауа - тамшы

Тұрмыстық қатынас

Артифициалды

Ауа - шаңды

Фекальды оральды
17 Камералық дезинфекцияның ең жұмсақ әдісімен булы формалиндік әдісі болып есептеледі. Осы әдістің жетіспеушілігі дезинфекция сеансынан кейінжағымсыз иістің болу. Булы формалиндік камерада формалин иісін бейтараптандыру үшін қандай затты пайдаланады? Этил спирті

Нашатыр спирті

Сірке су

Метил сприті

Эфир
18 Жүрек гликозидтерінің фармакотерапевтикалық әсері:
систоланың әлсіреуі, диастоланың және импульстардың өткізгіштігінің күшею

систоланың күшеюі, импульстардың өткізгіштігінің баяулауы, диурез ұлғаяды

қан қысымының кенеттен төмендеуі, гемоглабиннің мөлшерінің төмендеуі

жүректің соғысын жиілеуі,миокардтың жиырылу белсенділігінің төмендеуі

миокардтың қозғыштығының төмендеуі,систоланың әлсіреуі
19 Травматологиялық пункте автокөлік апатынан кейін ер адам жеткезілді. Қарау барысында иегін кішкентай жара анықталды. Жараны өндегенен кейін, медбике науқастың иегін дәкелі салфетканы бекіту үшін таңғышты салды. Медбике қандай таңғышты салды? Гипократ таңғышы

Сақпан тәрізді таңғыш

Жаулық таңғыш

Қалпақ таңғышы

крест тәрізді таңғыш
20 Глюкортикоид препараттарының фармакологиялық әсерлі: анаболикалық әсер көрсетеді,өсуді,жүрек- қан тамыр жүйесін ынталандырады.

негізгі алмасуды, дене температурасын төмендетеді, тахикардияны болдырмайды.

қабынуға қарсы,аллергияға қарсы, имунодепресивті әсер

қандағы қанттың деңгейін төмендетеді, май және белок алмасуын қалпына келтіреді.

белок синтезін басады, паренхиматозды мүшелердің және бұлшық ет тканінің массасын төмендетеді.
21 Нитроглицерин мынадай қосымша әсерлер шақыруы мүмкін:
бас ауру,бастын айналуы,рефлекторлы тахикардия,қан қысымының кенеттен төмендеуі

импульстардың өткізгіштігінің бұзылуы, бас ауруы

брадикардия,бронхоспазм, миокардтың жиырылу белсенділігінің күшеюі

қан қысымының кенеттен төмендеуі, вестибулярлы бұзылыстар, ларингоспазм

бастың айналу,тромбофлебит, тахиаритмия
22 Кальций каналдарын тежейтін заттардың қолданылуы. артериалды гипотонияда тахикардияда

брадиаритмияда, стенокардияда

жедел жүрек жетіспеушілігінде, брадиаритмияда

артериальді гипертензияда стенокардияда

жүректің ишемиялық ауруында, қарыншалардың жыпылықтауында
23 Қарау кезінде науқаста жайылған ісінулер анықталады.Бұл патология қалай аталады.
Асцит

Анасарка

Гидроперикардит

Гидроторакс

Пневмоторакс
24 Экссудативті плеврит кезінде өкпеден қандай тыныс естіледі: езикулярлық

қатаң

бронхиалды

амфорлық

тыныс естілмейді
25 Қарау кезінде науқас тері жамылғысының бозғылттығын анықталды.Аталған симптомның себебі неде? қантамырлардың тарылуы

қантамырлардың кеңеюі

қанның оттегіге қанығуының төмендеуі

қандағы өт пигментінің жоғарылауы

қандағы қалдық азоттың жоғарылауы
26 Тыныс алу қимылының тереңдігі мен жиілігінің артуымен жүретін субьективті ауа жетпеу сезімі қалай аталады. тұншығу

жөтел

ентікпе

тахипноэ

брадипноэ
27 Эритроциттер мен гемоглобин организмде қандай негізгі қызметті атқарады? қалыпты гемастазды қамтамасыз етеді

қан кетуді тоқтатады және алдын алады

микроциркуляцияны жақсартады

организмнің қорғаныс қызметін қамтамасыз етеді

тіндерге оттегі тасымалдайды
28 науқас терісі мен көрінетін шырышты қабаттары сары түсті. Тері мен шырышты қабаттардың сарғаю себебі неде? тері қантамырларының тарылуы

қандағы биллирбинің жоғарылауы

қандағы оттегінің жоғарлауы

қандағы оттегінің азаюы

қантамырларды кеңейтетін препараттардың әсері
29 Анемия кезінде қанда қандай өзгерістер болады?
лейкоциттер санының көбеюі

ЭТЖ жылдамдауы

гемоглабин деңгейінің төмендеуі

бластты жасушалардың пайда болуы

тромбоциттер санының азаюы
30 Эпигастрий аймағында ашқарынға және түнде болатын ауырсынуға шағымдану келесі ауруға тән: гастрит

асқазанның ойық жарасы

асқазанның қатерлі ісігі

12 елі ішектің ойық - жарасы ауруы

жедел холецистит
31 Науқас 24 жаста. тамақ ішкенен кейін, 1,5 - 2 сағаттан соң эпигастрий аймағында болатын ауырсынуға, қыжылдауға шағымданады. Диагноз қою үшін қандай тексеру әдістерін өткізу керек? УДЗ

Холецистография

Ирригоскопия

Колоноскопия

ЭФГДС
32 20 жастағы науқас кезеңмен (периодты) ұстайтын экспираторлы тұншығуға,құрғақ жөтелге, ауа жетіспеушілік сезіміне шағымданады. Анағұрлым ықтимал болжамы диагнозды атаңыз. жүрек демікпесі

бронх демікпесі

өкпенің созылмалы обструкциялық пневмониясы

истерия

нейроциркуляторлық дистония
33 Cозылмалы жүрек жетіспеушілігінің негізгі симптомдары: ентігу,жүрек қағу

жүрек тұсындағы қысатын ауырсыну, тұншығу ұстамасы

қан қысымының көтерілуі, пульс тапшылығы

шаршағыштық терінің құрғақтығы

жүрек қағу,экзофтальм
34 Тұрақты кернеулік стенокардия кезінде ауырсыну пайда болады: тыныштықта

ұйқы кезінде

физикалық күш түскенде

нитроглицерин қабылдаған кезде

ашығу кезінде
35 Науқас реанимация бөлімшесінде аппараттық вентиляцияда жатыр. Трахеостомиялық түтікшенің трахеямен төмен ығысуын қандай көрсеткіш көрсетеді?
артериялық қысымның жоғарлауы

сырылдардың пайда болуы

артериялық қысымның төмендеуі

кеуде клеткасының бір жағында тыныстың төмендеуі

тырысулардың пайда болуы
36 Мейірбике тану жүргізу үшін стерильді үстелді дайындау қажет. Қолын залалсыздандырудың қандай деңгейін орындауы қажет? гигеналық

әлеуметтік

қолды өңдеу қажет

хирургиялық

спиртті салфеткамен сүрту
37 DOTS - стратегиясы бойынша өкпе туберкулезінің негізгі диагностика әдісі:
қақырықтың бактериоскопиясы

бронхоскопия

өкпе рентгенотомографиясы

өкпенің компьютерлік томографиясы

иммунологиялық зерттеу
38 Менингит диагностикасындағы маңызды: қызудың жоғарлауымен жүретін аурудың жіті бастамасы

менингельді синдроммен жүретін аурудың жіті бастамасы

жұлын сұйықтығын зерттеу

қанның биохимиялық анализі

инфекциялық анамнез
39 Стационарға түскен қыз 18 жаста келесі шағымдармен: дене қызыуының 39 С, басының қатты ауыруы, жарықтан қорқу, спонтанды құсу және денесінде бөртпе пайда болуымен келді. Қараған кезде байқалады: желке бұлшықетінің ригидтілігі, Керинг симптомы оң, көп қимылдағыш, беттің гиперемиясы, терісі ыстық, денесінде геморрагиялық бөртпе анықталды.
менингококк инфекциясы

тұмау

энцефалит

желшешек

қызамық
40 Іріңді жарақат дренажды қандай мақсатпен енгізеді? жылдамдатылған эпителизация

бөлініс ағысын қамтамасыз ету

қан кетуді тоқтату

тампонданы жүргізу

ісіну мен экссудацияны азайту
41 Өт ұстамасында ауырсыну синдромы ненің бұзылысынан дамиды? өт ағуының

панкреатикалық сөл ағысының

біріңғай салалы бұлшықеттер тонусының төмендеуі

қан құрамындағы холестерин мөлшерінің жоғарлауы

асқазан сөлі секрециясының жоғарлауы
42 Нәрестеге 7 ай. Қосымша тамақтанудың 2 түрін алуда. Мейірбике анасына құрамында еттегі гемдік темір бар тағамдар қосуды ұсынды. Қандай аурудың алдын алу мақсатында баланың тамағына гемдік темір қосу керек?
анемия

рахит

гипотрофия

атопиялық дерматит

гельминтоз
43 Бала 1,5 жаста. Болмашы жарақат алған балада қан тоқтамай ағуда. Анамнезінен белгілі болғандай, отбасындағы, бірінші бала қан кетуден қайтыс болған анықталды. Болжамды "Гемофилия" диагнозы қойылды. Гемофилия кезінде қанның ұюы неліктен бұзылады? антигемофильді фактордың жеткіліксіздігі

тромбоциттер жеткіліксіздігі

қанның сұйылуы

қанды сұйылтатын препараттарды қолдану

эритроциттер мен гемоглобинің азаюы
44 Гипергликемиялық команың анағұрлым ықтимал даму себебі: инсулиннің артық мөлшері

күйзелістік жағдайлар

инсулиннің жеткіліксіз мөлшері

диетаның бұзылуы

жұқпалы аурулар
45 Леопольд әдісінің 3-ші тәсілінің мақсаты: Ұрықтың майда бөліктері анықтау

Ұрық позициясын анықтау

Кіші жамбасқа қараған ірі бөлігін анықтау

Жатыр түбінде орналасқан бала бөлігін анықтау

Ұрық арқасын анықтау
46 Жатыр мойнын айнамен қарау жүктіліктің қай мерзімінде жүргізіледі?
Жүктіліктің әр аптасында

Алғаш келгенде, 30,38 аптада

20 апта дейін 2 рет

Әр қабылдауға келген сайын

Жүктіліктің 30 аптасында
47 жаңа туған нәрестелерде асфиксия дамуының антенатальдық қауіп факторын көрсетіңіз: преэклампсия көп сулы жүктілік

плацентаның ажырауы, иықтар дистоциясы

инструментальды босану

босану әрекетінің ауытқуы, аз сулы жүктілік

көп сулы жүктілік, мерзімінен кеш босану
48 Науқаста "қоян көз" симптомы, маңдай және зақымдалған жағында мұрын - ерін қатпарлардың тегістеуі, аузының дені сау жаққа қисаюы байқалады.Осы симптомдар қандай ауруды сипаттайды. бас миының ісігі

энцефалит

ми қанайналымның жедел бұзылысы

бет нервінің невриті

бассүйек - милық жарақат
49 Науқаста айқын атаксия, бұлшықет әлсіздігі, үзілмелі сөйлеу, тремор байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз? Миастения

Рейно ауруы

Мишық ісігі

Маңдай бөлігінің ісігі

Самай бөлігінің ісігі
50 Жабысқақ күйлер неврозында кездеседі.
галлюцинациялар

гиперестезия

обсессия

сандырақ идеялар

құрыспа
51 Мұрын аралық перде деформациясы кезінде отаға көрсетілім болып табылады: мұрын тыныс алуының бұзылысы

атрофиялық ринит

жіті ринит

созылмалы тонзиллит

созылмалы гайморит
52 Балада жедел риниттің екінші сатысында мұрыннан бөлінетін сұйықтықтың сипаты қандай? шырышты бөлініс

серозды бөлініс

шырышты іріңді бөлініс

жалқаяқты бөлініс

бөлініс болмайды
53 33 жастағы науқас Б оң жақ кезде пленка түрінде ісіктің пайда болуына, көру өткірлігінің төмендеуіне, жиі қызаруына, бөгде дененің сезіміне шағымданады. Офтальмолог науқасты қарап тексеруден кейін птеригиумның үшінші сатысы диагнозы қойды. Аурудың осы сатысында қандай асқынуды болжауға болады: глаукоманың жедел ұстамасы

онкологиялық ауру

орбита флегмонасы

теріскен

аллергиялық коньюнктивит
54 Қабылдауға 34 жастағы еркек келді, түнгі клубта ди-джей, екі күн бойы дене температурасының 38С дейін жоғарлауы, дизурия, зәр шығару кезінде қышу және ашу, уретрадан жағымсыз иісті ақшыл - сары бөліністің бөлінуіне шағымданады. Науқас ретсіз жыныстық қатынаста болады. Қарауда жыныс мүшесі басының гиперемиясы мен ісінуі. Берілген клиникалық сурет қай ауруға тән? жедел гонорея

урогенитальды хламидиоз

урогенитальды трихомониаз

урогенитальды кандидоз

гарднереллез
55 Мерездің біріншілік белгісі: лимфаденопатия

аллопеция

лейкодерма

қатты шанкр

гумма
56 Науқаста төмендегілердің қайссы анықталса, Сіз бронх демікпесінің ұстамасы туралы ойлайсыз. Стридор, тұншығу, қан араласқан шырышты қақырық бөлінумен жүретін жөтел

Ентікпе кеуде қуысының күрт ауырсынуы, жөтел, қан қақыру

Тұншығу, тынысы тарылумен жүретін ентікпе, бетінің гиперемиясы, қозу

Ентікпе, бетінің гиперемиясы, Куссмауль тынысы, құсу

Дем шығарудың қиындауымен тұншығу, қашықтан естілетін сырыл
57 Жіті бүйрекүсті жетіспеушілігінің госпиталь алды кезеңінде жедел жәрдем көрсету енгізуді құрайды: Глюкокортикоидты препараттарды

Кальций хлоридін

Норадреналинді

Панангинді

Диуретиктерді
58 Фельдшерлік - акушерлік пунктте көрсетілетін медициналық көмек түрі: қалпына келтіріп емдеу және оңалту

жоғарғы мамандандырылған көмек

мамандандырылған көмек

білікті көмек

алғашқы медициналық - санитарлық көмек
59 Шұғыл маникальді ұстаманы тию және аффективті ұстаманың алдын алуда қолданылады: ноотроптар

норматимиктер

нейролептиктер

транквилизаторлар

седативті препараттар
60 Көру алаңының өзгеруі глаукоманың белгісі болып саналады. Глаукомада перифериялық көру алаңы қай жағынан тарыла бастайды? ішінен

жоғарыдан

астынан

сыртынан

барлық жақтан бірдей
61 Науқас 46 жаста, аяқтарында веналардың варикозды кеңеюі бар, кенеттен кеудесінде ауырсыну, ентікпе, денесінің жоғарғы бөлігінің цианозы байқалады. Анағұрлым ықтимал болжамды диагнозды атаңыз. артериялық гипертония

спонтанды пневмоторакс

бронх демікпесі

өкпе артериясының тромбоэмболиясы

ошақтық пневмония
62 Өкпенің созылмалы обструкциялық ауру (ХОБЛ) пайда болуы үшін қандай қауіп факторлары маңызды болып саналады?
тиімсіз тамақтану

стресс

темекі шегу

температураның айырмашылығы

жоғарғы холестерин
63 Науқас 22 жаста. Бетінің сол жағының ұстама тәрізді ауырсынуына, жас ағуға, мұрыннан шырыштың бөлінуіне, сілекейдің ағуына шағымданады. Берілген диагноздардың қайсысы болу ықтимал? бет нервінің невриті

үшкіл нервтің невралгиясы

мойын остеохондрозы

бас миының ісігі

геморрагиялық инсульт
64 К, есімді науқас, 55 жаста дәрігерге қимыл- тірегі әлсірегеніне, қолы дірілдейтіне, жүріп - тұруы қиындағанына шағымданып дәрігерге қаралады.обективтік тексеруде: қалыпты жағдайда қолдың треморы тиін санау типі аяқтарының тонусы сәл күшейген тісшелі дөнгелек типті денесіне сәл алдыға жіберіп жәй жүреді. Терең рефлекстер өзгермеген, патологиялық рефлекстері жоқ. Осындай жағдай қандай ауруға тән? паркисон ауруы

альцгеймер ауруы

бас маңдайы бөлігінің қатерлі ісігі

жайылмалы склероз

менингокктық менингит
65 20 жастағы науқаста мұрын жарақатынан кейін мұрыннан қан кетті. Сіздің әрекетіңіз:

Науқасты отырғызу, басын алдыға және төмен еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауыларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою.

науқасты отырғызу, басын шалқайту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауларына 3% суьегі асқын тотығына малынған тампон қою

науқасты отырғызу басын төменге және алдыға еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрнына новокаин ертіндісіне малынған тампон қою

науқасты отырғызу басын шалқайту және мұрын саңылауларына сутегі асқын тотығна малынған тампон қою

науқасты отырғызу, басын төмен және алдыға шалқайту, кеңсірігіне салқын қою



















     
 
what is notes.io
 

Notes.io is a web-based application for taking notes. You can take your notes and share with others people. If you like taking long notes, notes.io is designed for you. To date, over 8,000,000,000 notes created and continuing...

With notes.io;

  • * You can take a note from anywhere and any device with internet connection.
  • * You can share the notes in social platforms (YouTube, Facebook, Twitter, instagram etc.).
  • * You can quickly share your contents without website, blog and e-mail.
  • * You don't need to create any Account to share a note. As you wish you can use quick, easy and best shortened notes with sms, websites, e-mail, or messaging services (WhatsApp, iMessage, Telegram, Signal).
  • * Notes.io has fabulous infrastructure design for a short link and allows you to share the note as an easy and understandable link.

Fast: Notes.io is built for speed and performance. You can take a notes quickly and browse your archive.

Easy: Notes.io doesn’t require installation. Just write and share note!

Short: Notes.io’s url just 8 character. You’ll get shorten link of your note when you want to share. (Ex: notes.io/q )

Free: Notes.io works for 12 years and has been free since the day it was started.


You immediately create your first note and start sharing with the ones you wish. If you want to contact us, you can use the following communication channels;


Email: [email protected]

Twitter: http://twitter.com/notesio

Instagram: http://instagram.com/notes.io

Facebook: http://facebook.com/notesio



Regards;
Notes.io Team

     
 
Shortened Note Link
 
 
Looding Image
 
     
 
Long File
 
 

For written notes was greater than 18KB Unable to shorten.

To be smaller than 18KB, please organize your notes, or sign in.