NotesWhat is notes.io?

Notes brand slogan

Notes - notes.io

1. Иммунопрофилактика. Екпе егу күнтізбесі.
Иммунопрофилактика дегеніміз профилактикалық екпелер жүргізу арқылы инфекциондық ауруларды алдын-алу, болдырмау, шектеу, ликвидациялау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жиынтығын айтамыз.
Біздің еліміздеде ДДСҰ мақұлдаған иммунопрофилактиканың ыңғайлы жүйесі пайда болды. Яғни осы жүйе бойынша мемлекетте екпе алғандармен поствакцинациялық асқынулардың есебі жүргізіледі.
Осы иммунопрофилкатикалық іс шараларды жүргізу үшін 2018 жылы қабылданған 361-ші бұйрық бойынша, инфекционды аурудың арнайы профилактикасына арналған иммунды жүйе арқылы профилактикалық әсер көрсететін иммунобиологиялық препараттар, мысалы анатоксиндер, вакциналар, иммуноглобулиндер, иммунды сарысулар қолданылады.
Бұл профилактикалық екпелер арнайы құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген екпе бөлмелерінде жүргізіледі. Екпені жүргізбес бұрын жалпы практика дәрігері немесе педиатр, егер дәрігер болмағанда – фельдшер егілетін адамға медициналық тексеріп-қарау жүргізеді, иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда егілетін адамның медициналық құжатына егу жүргізуге рұқсатты ресімдейді, егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар және қолайсыз көрсетілімдер, егуден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпаратты береді.
Екпе егу күнтізбесіне келетін болсақ:
V1-Гепатит В қарсы алғашқы 12 сағатта.
V1-БЦЖ 1-4 күн ішінде;
V2-Гепатит В қарсы 2 айлығында.
V1- АБКДС/Дифтерия, коклюш, столбняк, полиомиелитке қарсы алғашқы вакцинация 2 айлығында.
V2- АБКДС/Дифтерия, коклюш, столбняк, полиомиелитке қарсы екінші вакцинация 3 айлығында.
V3- АБКДС/Дифтерия, коклюш, столбняк, полиомиелитке қарсы үшінші вакцинация 4 айлығында.
V3- Гепатит В қарсы үшінші вакцинация 4 айлығында.
V1 – корь, эпидемиялық паротит, краснухаға қарсы алғашқы вакцинация 12 айлығында.
RV1- АБКДС/Дифтерия, коклюш, столбняк, полиомиелитке қарсы алғашқы ревакцинация 18 айлығында.
V2 – корь, эпидемиялық паротит, краснухаға қарсы екінші вакцинация 6 жасында.
RV2- АБКДС/Дифтерия, коклюш, столбняк, полиомиелитке қарсы екінші ревакцинация 7 жасында
RV1- БЦЖ 7 жасында;
RV-АДС-М/Дифтерия, столбнякқа қарсы ревакцинация 16 жасында және әр 10 жыл сайын.
Пневмококкты инфекцияға қарсы вакцина 2, 4 және 12-15 айлығында салынады.
ХИБ/Б типті гемофильді инфекцияға қарсы вакцина 2, 3, 4 және 18 айлығында салынады.
ОПВ/ИПВ Полиомиелитке қарсы, оральді инактивирленген вакцина 2,3,4, 12-15, 18 айлығында салынады.

2. Диспепсиялық синдромы бар науқас балаларға ем жүргізу ерекшеліктері.
Жалпы диспепсиялық синдром дегеніміз бұл 1 жастан асқан балаларда аурсыну, дискомфорт, іштің кебуі, лоқсу, кекіру, майлы тағамды көтере алмау симтомдарының соңғы 6 айда 3 ай бойы кездесуін айтамыз, бұл диспепсиялық синдром гастрит, дуоденит, ойық жара ауруларында кездеседі.
Яғни клиникалық көріністерінде эпигастрий аймағында ауырсыну, асқазандағы жағымсыз сезім, ауызда металл дәмнің болуын айтамыз. Сонымен қатар аппетит төмендеп, дене салмағын қосу болмай, пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну болады. Копрограммада бұлшықет талшықтары, крахмал, қорытылмаған қалдық өнімдер анықталады.
Амбулаторлы деңгейде баланы диспансерлік тіркеуге алмас бұрын:
- ЖҚА
- Биохимиялық қан анализі – АЛТ, АСТ, тимол сынамасы, билирубин.
- ЖЗА
- Инвазивті емес H.pylori ді анықтау.
- Копрограмма
- Нәжісті гельминттерге зерттеу;
- Іш қуыс ағзаларының УДЗ;
ЛОР, стоматолог, невролог, эндокринолог, психолог консультайиялары көрсеткіштер бойынша тағайындалады.
Диета және медикаментозды терапияға келетін болсақ, өршу кезеңінде 1-ші стол, ремиссия кезінде 5 стол тағайындалады. Сонымен қатар күнделікті рационнан майлы тағамдарды, ұн өнімдерін, газдалған сусындарды шектеу қажет. Каша(манная, рисовая, гречневая, овсяная), асылған көкөністер, макарон, айран, ірімшік жеу ұсынылады. Сондай-ақ баланың жалпы жағдайына байланысты төсектік, жартылай төсектік режимдері тағайындалады. Медикаментозды терапия ретінде негізгі препараттар болып омепразол, рабепразол, домперидон препараттары тағайындалады. В, А, Е және фолий қышқылымен витаминотерапия және седативті терапия (персен, новопассит), фитотерапия (ромашка, шиповник) жүргізілуі керек.
Өршу сатысында эпигастрий аумағына платифиллинмен элетрофорез ұсынылады. Ремиссия кезінде парафинмен жылыту тағайындалады. Жергілікті бальнеологиялық санаторийлерде санаторно-курортті ем ұсынылады. Сонымен қатар пациенттің жасымен салмағына байланысты әлсіз минерализацияланған минералды су ішу тағайындалады. Яғни 3 мл/кг күніне 3 реттен, егер гиперсекреция болатын болса тамақтан 1-1,5 сағат бұрын жылы күйде, гипосекреция болса 15-20 минут бұрын, қалыпты секреция болса бөлме температурасындағы суды 45 минут бұрын ішу қажет. Емдеу курсы 3-4 апта, сонымен қатар минеральды ванналарды қабылдаған жөн.
Стационардан шыққаннан кейін алғашқы 1 жылда 6 айда 1 рет, келесі жылы жылына 1 рет гастроэнтеролог, ЖТД, педиатрдің динамикалық бақылауында ФГДС және h.pylori-ді тексеріп 5 жыл тексеруде болады.
     
 
what is notes.io
 

Notes.io is a web-based application for taking notes. You can take your notes and share with others people. If you like taking long notes, notes.io is designed for you. To date, over 8,000,000,000 notes created and continuing...

With notes.io;

  • * You can take a note from anywhere and any device with internet connection.
  • * You can share the notes in social platforms (YouTube, Facebook, Twitter, instagram etc.).
  • * You can quickly share your contents without website, blog and e-mail.
  • * You don't need to create any Account to share a note. As you wish you can use quick, easy and best shortened notes with sms, websites, e-mail, or messaging services (WhatsApp, iMessage, Telegram, Signal).
  • * Notes.io has fabulous infrastructure design for a short link and allows you to share the note as an easy and understandable link.

Fast: Notes.io is built for speed and performance. You can take a notes quickly and browse your archive.

Easy: Notes.io doesn’t require installation. Just write and share note!

Short: Notes.io’s url just 8 character. You’ll get shorten link of your note when you want to share. (Ex: notes.io/q )

Free: Notes.io works for 12 years and has been free since the day it was started.


You immediately create your first note and start sharing with the ones you wish. If you want to contact us, you can use the following communication channels;


Email: [email protected]

Twitter: http://twitter.com/notesio

Instagram: http://instagram.com/notes.io

Facebook: http://facebook.com/notesio



Regards;
Notes.io Team

     
 
Shortened Note Link
 
 
Looding Image
 
     
 
Long File
 
 

For written notes was greater than 18KB Unable to shorten.

To be smaller than 18KB, please organize your notes, or sign in.